379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше қызмет түріне онлайн бақылау касса машиналарын қолдану міндеттелді

  • 87
Бірнеше қызмет түріне онлайн бақылау касса машиналарын қолдану міндеттелді

Бүгіннен бастап еліміздегі 323 қызмет түріне онлайн бақылау касса машиналарын қолдану міндеттеледі.

Олардың арасында жолаушы тасымалы, пошта, мүліктерді жалға беру сияқты қазір кеңінен тараған қызмет түрлері бар. Енді есеп айырысу кезінде аталған кәсіппен айналысатындар тұтынушыға міндетті түрде түбіртек беруі тиіс. Аталған бақылау құрылғысын пайдалану тәртібі Салық кодексімен реттеледі. Құжатта көрсетілген міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мәселен, бірінші шілдеден бастап 86, ал бірінші қазаннан бастап 224 қызмет түрі онлайн бақылау касса машиналарын қолдануға өтеді.  

Санат Жүсіпов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

– Егер чек бермесе немесе бақылау касса машинасын қолданбаса, онда салық төлеуші әкімшілік жазаға тартылады. Бұл ретте бірінші рет ескерту жасалады. Егер қайталанса, айыппұл салынады. Айыппұл көлемі бизнес-субъектінің көлеміне байланысты15 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін.

Хабар 24 телеарнасы