389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

  • 569
  • UPD: 15:03, 05.04.2019
Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

Синоптиктер 6-8 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша демалыс күндері еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды болмақ.

Синоптиктердің мәліметінше, шығысқа қарай жылжып келе жатқан суық атмосфералық фронтпен, жаңбыр, сулы қар және көктайғақ, әсіресе Қазақстанның орталығы мен шығысында басымырақ болады, республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр, кейде қатты, найзағай және бұршақ, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі сақталады.

«Фронттың артынан ығысып жатқан антициклон, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынның тоқтатылуын және ауа температурасының бүкіл территориясында климаттық нормадан төмен болуын тудырады», - делінген болжамда.

Хабар 24 телеарнасы