377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да Есіл өзені бойында орналасқан 18 елді мекен қатаң бақылауға алынды

  • 78
СҚО-да Есіл өзені бойында орналасқан 18 елді мекен қатаң бақылауға алынды

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзені арнасынан асуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені алдағы күндері Ақмола облысындағы шағын өзендерден келген су «Сергеев қоймасына» құйылатын болады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Есіл өзені бойында орналасқан 18 елді мекенді қатаң бақылауға алды. Алайда қазір мұнда мұз көбесі әлі сөгіле қойған жоқ. Дегенмен апаттың алдын алу үшін облыстағы барлық өзен-көлдерге бақылау бекеттері қойылды. Олар әр екі сағат сайын жағдайды қадағалап, арнайы құрылған штабқа жеткізіп тұрады. Айта кету керек, қазір елорда мен Павлодардан көмекке келген жасақтар үйлеріне қайттарылды. Өйткені бүгінгі күні жағдай тұрақты. 

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Ақмола облысында орналасқан Жабай, Колутон және Терісаққан өзендерінде көп көлемде судың өткенін байқадық. Бұл су Сергеев су қоймасына 10 күннің шамасында құйылуы мүмкін. Алайда ағып жатқан судың негізгі көлемі облысымыздағы кіші өзендерден келген. Қауіптің барлығы сейілді деп айтуға болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы