378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы полициясы сауда үйлерінде сатылатын телефондардың IMEI кодтарын тексерді

  • 77
  • UPD: 10:56, 09.04.2019
Алматы полициясы сауда үйлерінде сатылатын телефондардың IMEI кодтарын тексерді inform.kz

Алматыда полиция ұрланған ұялы телефондарды анықтау үшін IMEI кодтарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мақсатта қаладағы «Мегатау», «ГУМ» сауда үйлерінде рейд жүргізілді.

«Басты мақсат - ұрланған телефондарды анықтау, ұрланған затты сатып алатын саудагерлердің жолын кесу. Бұл өте үлкен жұмыс. Әр телефонның IMEI кодын жазып алып, арнайы іздеу базасына саламыз. Әр ұсталған телефон тексерілді. Сатушылардың көпшілігі бұл норманы жақсы біледі. Бірақ, бұл акция қылмыстың алдын алу мақсатында да жүргізіліп жатыр», - деді қалалық ПД Криминалды полиция басқармасы басшысы Есен Ысқақов.

Хабар 24 телеарнасы