379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада көше саудасына арналған жер телімдері бәссауда арқылы үлестірілді

  • 157
  • UPD: 23:51, 10.04.2019

Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасы үшін жер телімдерін үлестіру алғаш рет бәссауда арқылы өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Көше саудасына 1000 орын беру» бағдарламасы бойынша субарендаға 10 орын шығарылған. Ал оған иелік етуге 81 кәсіпкер ниет білдірді. Бәссауда өткізудің берері не? Ерекшелігі қандай?

Әділ Бидахметовтың елордада саудамен айналысып жүргеніне бірнеше жыл өтті. Көбіне көкөніс және жеңіл тағамдар сатады. Кәсібін кеңейтуге қажетті жер телімін алу үшін бәссаудаға да бірнеше рет қатысқан. Алайда нәтижесін көруді апталап күткенін айтады.

Әділ Бидахметов, кәсіпкер:

– Бұрын қатысқан кезде көп уақыт алатын. Кезекте ұзақ тұратынбыз, қағаз өткізетінбіз. Қазір жеңілдетті. Уақытымызды үнемдейміз.

Бәссауданы онлайн режимде өткізу кәсіпкерлердің уақытын үнемдеумен қатар, оны ашық әрі әділ жүргізілуіне жағдай жасаған.

Сәкен Әділбеков, жоба жетекшісі:

– Аукционды жүргізу, оған керекті құжатқа қол қою, барлығы электронды жүйеге көшті. Және айта кететін мәселе, аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде берілетін квота. Жылына 15 жер учаскесіне жарияланып отыр. Оған қатысатын кісілердің тізімі көрсетілген. Ол Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соған теңестірілген ауған соғысының немесе 1-2-3 топтағы мүгедектер және көп балалы аналар. Аукционды үйінде отырып жүргізе алады және протоколды да цифрлы қолтаңба арқылы қой қойып, содан кейін келісімшартты ұтып алған кісі бізбен келісім жасайды.

Жеңілдікке ие кәсіпкерлердің өтінішін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған арнайы комиссия қарайды. Жалпы осы жүйемен 100 жер телімі үлестіру жоспарланып отыр.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Татяна Ковалева

Хабар 24 телеарнасы