389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір айтты

  • 1093
  • UPD: 07:38, 11.04.2019

Қазақстан халқы тәуелсіздік жылдарында жалпыұлттық дауыс беру арқылы бірнеше рет Президент сайлауын өткізді.

Алдағы болатын саяси науқанға да ел азаматтары белсенділік танытуы тиіс дейді Мәжіліс депутаттары. Себебі бұл ел тағдыры шешілетін маңызды сәт.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің халқымыз, қоғам өзі бүкілхалықтық сайлауменен президентті сайлап, соған осы тәуелсіздік жылдарында бейімделген. Ол енді толыққанды болмақ. Сондықтан қабылданған шешім халықаралық дәрежедегі дүниежүзілік қоғамдастықта да өте дұрыс шешім деп қабылданып жатыр.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің шетелдік инвесторларымыз үшін де, шетелден келген инвесторларды ертең Қазақстанда жағдай қандай болады, ертең халықтың жағдайы қандай болады, біздің жұмыс, алға қойған мақсаттарымыз қандай болады деген алаңдатып отырған жері бар. Сондықтан бұл кезектен тыс өтетін сайлау, бұл енді халықтың мүддесін қорғайды деп ойлаймын.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Сайлау деген шын мәнінде біз ертеңгі күніміздің не болатынын анықтап алуымыз керек ғой. Және соған мынау қазіргі бизнесті де қорғау оның ішіне кіреді. Енді ең бастысы, мынау саясаттың өзі екі серті бар дейді. Біреуі, асықпау. Екіншісі, кешікпеу. Мен ойлаймын осы дер кезіндегі жасалып отырған қадам ба деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы