379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде британдық хирургтердің қатысуымен бауырға операция жасалды

  • 148
  • UPD: 10:15, 14.04.2019

Шығыс Қазақстанда бауыр циррозына шалдыққан 500-ден астам адам трансплантацияға мұқтаж. Алайда сырқаттардың көпшілігі ағза алмастыру уақытына жетпеcтен өмірден озады дейді мамандар.

Сондықтан бауырға шунттау операциясы жасала бастады. Дәл осы әдіс арқылы науқастың өмірі ұзарады. Аталған операция екі жақты әріптестік аясында облысқа тәжірибе бөлісуге келген лондондық дәрігерлердің бақылауымен өтті.

Қақпалы гипертензияны яғни бауыр тамырларындағы жоғарғы қысым мен қан кету жағдайын озық технология көмегімен тоқтату операциясы осыған дейін тек Шымкентте ғана жасалыпты. Тамырішілік әдіс барысында ешқандай тілік болмайды.

Жасұлан ЖиренбаеВ, Нейрохирург /Шымкент/:

- Портальді қысымды төмендету үшін, оң жақ бауырды оң жақ қақпа венасы арқылы жол салынады.Науқастың өмір сүруі жоғарлайды және транспалнтацияға дейінгі өмірі ұзарады. 

Шыңдалып қалған шымкенттік дәрігерлер мен Лондоннан келген білікті хирургтер Өскеменде 3 күн шеберлік сабағын өткізді. Осыдан соң екі науқасқа операция жасалды. Лондондық Правин Педду өңірдегі сырқаттарға мұндай операцияның ауадай қажет екенін байқадым дейді.  

Правин Педду, хирург /Лондон/:

- Болашақта шығысқазақстандық әріптестер бұл әдісті одан әрі жетілдіріп, емдеу тәсілі ретінде қолданады деп үміттенемін. Ал біз өз тарапымыздан тәжірибе алмасуға, білгенімізбен бөлісуге әзірміз. Сіздердің өңірлеріңізде осындай операцияға мұқтаж жандар көп,сондықтан міндетті түрде бұны үзбей енгізу керек деп ойлаймын. 

Өскемендік хирургтер болса, бұл тәжірибені әрі жалғастыруға әлеуетіміз жетеді деген сенімде.

Жандос Уап, нейрохирург:

- Алғаш жасалған операциялар міндетті түрде оны бұрын жасап көрген тәжірибесі мықты хирургтердің шеберлік сабағы арқылы өтеді.Тек содан кейін ғана біз ондай күрделі тәсілді өз бетімізше жүргізе аламыз.Ал жалпы шығысқазақстандық  дәрігерлердің бұған білімі де кәсібилігі де жетерлік.

Осылайша «бір күндік хирургия» сәтті аяқталды. Жергілікті мамандар міндетті түрде бауырға шунттау операциясын жалғастырамыз деп отыр. Айта кету керек, әлемде бауыр циррозынан жыл сайын 40 миллион адам көз жұмады екен.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы