379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық ұйымдар сайлауалды шараларға белсене қатысуға дайын

  • 89
  • UPD: 20:09, 14.04.2019

Маңғыстау облысындағы қоғамдық ұйымдар сайлауалды шараларға белсене атсалысуға дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұл елдің келешегі үшін маңызды шара деп есептейді. Ақтауда арнайы жиын өтіп, оған өңірге белгілі, беделді тұлғалардың барлығы жиналды. Жиында сөз алғандар әріптестерін президенттік сайлауға партиялық тұрғыдан емес, халықтық көзқараспен қарауға шақырды.

Орынбасар Тоғжанов, қоғамдық кеңес мүшесі:

- Бір елдердің арасында қазіргі жаһандану процесі кезіндегі әлемдегі өзінің орнын табуы үшін күрес жүріп келе жатыр. Жалпы әлем бұдан 10-20 жыл бұрынғыдан әлдеқайда өзгерді. Міне, осындай кезеңде әлемнің көп елдеріне белгілі және өз елі үшін де беделді адамның президент болып сайлауы өте қажет-ақ. Әлемдік көшке ілестіріп алып шыға алатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына басшылық жасайтын адам сайланады деп халық күтеді.

Хабар 24 телеарнасы