Теріскейлік тәртіп сақшылары да тың бастама қолға алды. Олар әр сәрсенбі сайын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, тұрғындардың өтініш тілегін қабылдайды.
Ал полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов аймақтағы 200-ден астам ауылға барып, қоғамдық қабылдаулар өткізді. Бұдан бөлек қазір облыс аумағында 16 фронт-кеңсе жұмыс істеп тұр.
Әнуар Түгел, Қазақстан Адвокаттар одағының президенті:
- Көбірек халықпен кездесу. Есеп беру. Аудандарды аралау. Адамдардың анау арыздарын қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, сол ғана, сондай жұмыстар нәтижені береді.