378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы «Жастар саябағының» аумағы ұлғайды

  • 187
  • UPD: 23:45, 20.04.2019
Түркістан облысындағы «Жастар саябағының» аумағы ұлғайды

Қазығұрт ауданы Шарапхана елді мекеніндегі «Жастар саябағы» тағы да үш жарым гектарға ұлғайды.

Мұнда 4 мыңға жуық қылқан жапырақты көшет пен алма, алмұрт, алқоры және шие сияқты жеміс ағаштары аралас егілген. Жалпы саябақ 2017 жылы жергілікті демеушілердің көмегімен салынып, мемлекетке сыйға берілген. Ол кезде аумағы 2 гектар, онда 1800 түп түрлі көшет болатын. Сонымен қатар саябақ ішінде «Бабалар рухына тағзым» кешені бой көтерген. «Жастар саябағы» ауданның ажарын аша түссе, Ұлы Абайдың қазақ және орыс тілінде тасқа қашап жазылған қара сөздері саябаққа келген әрбір жасқа ой салады.  Саябақты абаттандыру мен көгалдандыруға 25 млн  теңге қаржы жұмсалған.

Оразбай Спатаев, Қазығұрт ауданының тумасы:

- Мен өзім бұл ауылдан кеткеніме 25 жыл болыпты. Енді осында әріптестеріммен арнайы келіп, аралап жүрген жайым бар. Жастарға қажетті жағдайдың бәрін жасап қойған. Халықтың нағыз тыныс алып, демалатын орнына айналған.

Самат Тұрғараев, кәсіпкер:

- Бүгінгі күнде елімізге қызмет істеп тұр десем жаңалыспайымн. Ауыл жастары, аудан жастары, осы мынау көрші республиканың азаматтары да келіп, осында тамашалап, демалып кетеді. Келешекте ну орман болады. Елдің демалатын орны боп есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы