389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы ашылды

  • 532
Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы ашылды

Талдықорғандағы «Қазақ медициналық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалына 40 бала қабылданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір жарым жастағы сәбиден бастап, он сегіз жас аралығындағы жеткіншектерге логопед, дефектолог, психиатор сынды мамандар қызмет етеді. Сонымен қатар қимыл-қозғалысты дамыту үшін, түрлі ойындар ойнатылып, ертегі, жарық, дыбыс терапиясы арқылы емдеу қарастырылған. Ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің ата-аналарымен де жұмыс істеу жоспарланып отыр. Яғни бала күтіміне байланысты медициналық және психологиялық кеңес беріледі. Заңдық тұрғыда көмек көрсетілмек. 

Мақсат Әбдіқадыр, «Қазақ медициналық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы

– Қалам қағаз ұстай алмайтындағарға қалам ұстауды, қасықпен тамақ жеуді, одан кейін өз жұмысын өзі жасауды үйретеміз. 10 жыл болды жұмыс істеп келе жатырмын. Жалпы 188 бала емдедім, 288-іне тұсаукесер жасалған.

Индира Сабирова, қала тұрғыны:

– Менің балама ұнады. Көңіл күйі жақсы. Осы орталықтағы мамандардың өздері жақсы ниетпен қарсы алып, ата-аналарға жылы көзбен қарайды.

Хабар 24 телеарнасы