378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Арнайы әдістемелік құралдар әзірленеді

  • 296
Сайлау 2019: Арнайы әдістемелік құралдар әзірленеді

Сайлау қарсаңында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 10 мыңнан астам аудио форматтағы әдістемелік құрал әзірленеді.

Ол дауыс беру кезінде құлағы нашар еститін азаматтарға үлкен көмек болмақ. Көзі нашар көретін тұрғындардың да жағдайы ескеріледі. Оларға 10 мыңнан астам арнайы үлкейткіштер қарастырылған.  Бұл мәліметтер бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.

Көмекші құралдар еліміздегі барлық сайлау учаскелеріне және мамандандырылған кітапханаларға жеткізілмек.

Айта кетейік, ресми дерек бойынша елімізде 680 мыңға жуық мүгедек бар. Олардың 500 мыңға жуығы 9 маусым күні өз таңдауын жасайды деп болжанып отыр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Жергілікті билік өкілдерімен бірге құлағы естімейтін, көзі көрмейтін азаматтарға көмекшілердің қастарында болуын, сурдоаудармашылардың қастарында болуын қамтамасыз етуіміз керек. Біздің ойымызша, жергілікті билік өкілдері осы жұмыстарға волонтерларды, оның ішінде 3-ші, 4-ші курс оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерін тарту керек.

Хабар 24 телеарнасы