378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


И.Нәсимидің еңбектері қазақ тілінде жарық көрді

  • 135
И.Нәсимидің еңбектері қазақ тілінде жарық көрді

Халықаралық Түркі Академиясы елордада Имадеддин Нәсимидің екі бірдей кітабының тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді оқырман қауым ақынның өлеңдер жинағын және «Әзербайжан әдебиетінің антологиясы» атты еңбегін қазақ тілінде оқи алады. Осы тұсаукесер рәсімі арқылы Академия Қазақстанда Имамеддин Нәсими жылын ресми түрде ашты. Бұл қос жинақ түркі әлеміне ортақ тұлғаның 650 жылдық мерейтойына орай жарық көріп отыр.   

Кәдірбек Құныпияұлы, халықаралық түркі академиясының қызметкері:

– Әдебиет сүйер қауымға белгілі Әмір Темір заманында өмір сүрген Нәсими сопылық поэзияның ірі өкілдерінің бірі болды. Мысалы, өлеңдері біздегі Қожа-Ахмет Яссауи, Абай өлеңдерімен үндеседі. Өйткені тек бір бағытқа таңылып қалмай, дін тақырыбын сөз етсе де, одан шығу ауқымының кеңдігі қызықтырады.

Хабар 24 телеарнасы