379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының кейбір жерінде қар жауды

  • 181
  • UPD: 17:19, 27.04.2019
Ақмола облысының кейбір жерінде қар жауды

Ақмола облысының кей жерлерінде қар жауды. Ақ ұлпа әсіресе, Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында қалың түсті.

Таңғы 5-тер шамасында басталған қар түске дейін толастамай, соңы жаңбырға ұласты. Ал синоптиктер алдағы күндері де осындай құбылмалы ауа райы сақталады дейді. Яғни тағы бірнеше тәулік бойы жауын-шашын болып, жел күшейеді. Тіпті кей жерлерде түнде ауа температурасы 4 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы