378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазТрансОйл» студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетпек

  • 222
  • UPD: 10:02, 30.04.2019

Ірі ұжым еліміздегі мұнай саласында маман дайындайтын 11 жоғары оқу орны және 10 колледжбен байланыс орнатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Білім және ғылым министрлігімен арнайы меморандум жасасқан компания өкілдері алдағы бес жылда 430 студентті өндірістік тәжірибеден өткізеді.

Жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті маман дайындау заман талабы. Сондықтан «ҚазТрансОйл» компаниясы Білім және ғылым министрлігімен меморандумға қол қойды. Енді еліміздегі ірі мұнай тасымалдау кәсіпорнында Қазақстанның әр түкпіріндегі 430 студент тәжірибеден өтеді. Студенттерге сыйақы 70-120 мың теңге аралығында төленеді. Бастысы, өзін оң қырынан көрсете алғаны жұмысқа қабылданады.

Орал Идырысов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары:

- Бұл жерде бәсекелестікпен кіреді. Байқау арқылы. Ең жақсы нәтиже көрсеткендер жұмысқа алынады. Шамамен жыл сайын 30-40 маманды жұмысқа алып отырамыз.

Мұнай құбыры саласына инженерлік-техникалық кадрларды дайындауға бағытталған жоба 5 жылға межеленген. 55 млн теңге бөлінбек. Бүгінде ірі ұжымның 58 процентін жұмысшылар құрайды. Демек бұл – еңбекке ынтасы бар түлектерге үлкен мүмкіндік.

Фатима Жақыпова, ҚР білім және ғылым вице-министрі:

- Министрлік пен «ҚазТрансОйлдың» әріптестігі экономикамыздың маңызды секторы мұнай саласын жаңғыртуға сеп болады. Әрбір студент кәсіпорында жүріп-ақ алғашқы тәжірибесін жинайды.

Жастар жылы басталған айрықша жоба 2020-да-ақ өз нәтижесін береді. Бастама аясында әлеуметтік аз қамтылған студенттер де назардан тыс қалмайды. Ал тәжірибеден өтетін студентке жетекшілік еткен компания қызметкерлері де ынталандырылады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы