378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Заңгерлер әділетті сайлау үшін» бірлестігі сауалдарға жауап берді

  • 140
  • UPD: 20:57, 30.04.2019

Алдағы саяси науқандағы азаматтардың құқы қандай? Сайлау барысындағы түрлі кедергілер қалай шешіледі?

Осы және өзге де сұрақтарға «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері жауап берді. Сайлауға қатысты әлеуметтік желілерде туындаған сұрақтарға мониторинг жасаған еліміздің білікті заңгерлері сайлау науқанының алғашқы кезеңі – үміткерлерді ұсынуға қатысты ешқандай шағым болмағанын айтады. Сайлаудың ашық және әділеті өтуін мақсат тұтқан ұйымның келесі отырысы саяси науқанның екінші кезеңінен кейін болмақ. Айта кетерлігі, еліміздің кез келген азаматы сайлауға қатысты қоғамдық бірлестіктің заңгерлерлерінен кеңес ала алады.

Серік Ақылбай, «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Халық, егер мағлұматы болмаса, кейбіреулер заңдарды дұрыс түсінбейтін болмаса, онда сайлау да дұрыс өтпеуі мүмкін. Біреулер алдап та кетуі мүмкін. Біреулер біреуге барып сен дауыс бер немесе хаттама жина дауыс жинау үшін дегенді қолдануы мүмкін. Ол біздің Ата заңымыз бойынша сайлау еркін болу керек.

Хабар 24 телеарнасы