389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да диқандар егіс науқанын әдеттегіден кеш бастады

  • 401
  • UPD: 09:46, 02.05.2019
ШҚО-да диқандар егіс науқанын әдеттегіден кеш бастады

Шығыс Қазақстандық шаруалар биыл егістік науқанына жылдағыдан кеш  кірісіп жатыр.

Егін егумен айналысатын қожалық иелерінің айтуынша, күн райының қолайсыздығы біршама қолбайлау болып тұр. Дегенмен, ауа райы дұрысталса, диқандар бірден алқаптарға шығатынын айтып отыр.  Жалпы өңірде  1 миллион 400 мың гектарға  егін егілмек. Бұл өткен жылғыдан  80 гектарға артық көрсеткіш. 600 мың гектарға жуық жерге дәнді және бұршақ дақылдары егілетін болса,  майлы дақылдармен  көп жылдық шөптес өсімдіктер 760 мың гектарды алып жатыр. Қазір қожалық өкілдері керекті жанар жағар май және техникамен толық жабдықталған. Облысқа көктемгі егін үшін 32 мың тонна дизель отыны керек дейді мамандар. Оның 5,5 тоннасын шаруалар өздері алса, қалған 27 мың тоннасы  Павлодар мұнай химия зауыты тарапынан квота бойынша бөлінбек. Ал жинақталған тұқымның  90 пайызы жоғарғы класты  екендігі зертханалық жолмен анықталды. Айта кеткен жөн өңірде қазір рапс өсіруге шаруалар ерекше ден қойып келеді. Май мен жем алынатын өсімдікке арналған егіс алқабының жыл сайын артып келе  жатқандығы осыған дәлел.

Әділет Төлеутаев, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

- Былтыр тауар өндірушілер 10 700 гектар рапс  егеміз деп ойлаған болатын,бірақ көктемгі егістікте олар 19 мың 500 гектарға жетті, биыл қарасақ  жоспар бойынша 12 500 гектарға егеміз деп ойлаған,бірақ бүгінгі күнгі тұқым сатып алған есеп бойынша, бұл 18 мың гектарға жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы