379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерейментау қаласындағы көп балалы ана әлеуметтік көмекке қол жеткізді

  • 125
  • UPD: 20:55, 03.05.2019

Бүгінде көп балалы аналарға мекен-жайлық әлеуметтік көмек жаңа форматта беріле бастады.

Мемлекет тарапынан жасалып жатқан материалдық қолдаудың шарапатын көп балалы әрі жалғыз басты аналар да көріп жатыр. Олардың қатарында Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданының тумасы Марал Боромбаева да бар. Бүгінде ол денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа шыға алмайды. 4 бала тәрбиеленіп жатқан толық емес отбасыға бұдан былай ай сайын 101 мың 400 теңгеден беріледі. Алғашқы ақшалай жәрдем өткен жексенбіде түскен. Ал тумасынан сал ауруына шалдыққан кенжесі Нұрислам үшін берілетін 72 мың тг көлеміндегі жәрдемақы жеткіліксіз еді. Сондай-ақ жалғыз басты ана 2013 жылы «Толық емес отбасы» санаты бойынша кейін меншік құқығын беретін жалдамалы баспанаға қол жеткізген. Бүгінде ай сайын төлеп отырған жеңілдетілген несиесінің көлемі 5 мың теңге.

Марал Боромбаева, көп балалы ана:

- Рахмет, көмек берді. Жақсы болды қазір. Киімге неге қандай көмек жақсы болды. Алдында мен инвалид бала воспитываю жетпеген. 72 мың аламыз алдында 69 мың болған. Коммуналка көп шығып кетсе, 10 мыңдай көмек бізге беріледі.

Хабар 24 телеарнасы