389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары ҚазҰАУ студенттерімен кездесті

  • 656
  • UPD: 23:33, 03.05.2019
Мәжіліс депутаттары ҚазҰАУ студенттерімен кездесті

Жастар ауылдан қашпау керек.  Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттерімен кездескен  Парламент Мәжілісінің депутаттары осылай дейді.

Зағипа Балиева, Бақтияр Мәкен және Мәжілістегі  Аграрлық  мәселелер комитетінің мүшесі Амангелді Дәуренбаев  10 мыңға жуық жас білім алып жатқан оқу ордасын аралап, олардың ұсыныстары мен көкейтесті  сауалдарын тыңдады. Кездесуде ауыл шаруашылығына жас мамандарды тарту мәселесі негізгі әңгіме өзегі болды. Депутаттар  ауылды дамытуға бағытталған бағдарламалардың тетіктерін түсіндірді.  Университет ректоры Тілектес Есполов 90 пайызы ауыл балалары оқып жатқан бұл білім ордасында биыл мемлекеттің қолдауымен инновациялық орталықтар мен зертханалар ашылатынын айтты.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ең бірінші қазір жастар жылы және 18 съезд «Нұр отан» съезі  бізге тапсырма  берген. Соның ішінде 3 бағыт анықталды. Үш бағыттың ішінде ол біздің мемлекетімізде жағдайы төмен  отбасыларға  жағдай жасау, 2-ден  олардың мәселесін,  баспана мәселесін шешу мәселесі, соның ішінде  тағы да өте күрделі өте қажет білім және денсаулық саласындағы білімнің сапасын көтеру. Міне екінші бағыт тура сіздерге арналған.

Хабар 24 телеарнасы