389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары маңғыстаулықтармен кездесті

  • 514
  • UPD: 13:47, 07.05.2019
Мәжіліс депутаттары маңғыстаулықтармен кездесті

Халықты таза ауызсумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын 100 миллиард теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазына қаржысының тиімді жұмсалып жатқанын көзбен көру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары Маңғыстау өңіріне келді. Халықпен кездесуде көп балалы отбасыларды баспанамен қамту, атаулы әлеуметтік көмек алу, Алматы-Маңғыстау бағытындағы пойыздардың тозығы жеткен вагондарын жаңалау мәселесі талқыланды. Депутаттардың бір тобы бүгін Маңғыстау энергия комбинатына барды. Комбинат Ақтау қаласы мен жақын маңдағы ауыл тұрғындарын су, тоқ және жылумен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда қазір 4 мың жұмысшы еңбек етуде. Мәжіліс депутаттары еңбеккерлермен жүздесіп, олардың әлеуметтік жағдайымен танысты.

Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мәжілістің регламенті бойынша біз 10 күнге өңірге шығып, халықпен кездесіп, пікірлерін, ұсыныстарын, мәселелерін жинақтаймыз. Жинақтап, сол ертең Мәжілістің қабырғасына барған соң, соны сауал түрде, хат түрінде Үкіметке жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы