379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Аманат» азаматтық алаңы құрылды

  • 161
  • UPD: 19:19, 04.05.2019

Қазақстанда сайлау үдерісінің әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында «Аманат» азаматтық алаңы құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерікті бірлестікті құрудағы мақсат – сайлау үдерісіне қоғамдық бақылау жасау, оның ашық әрі әділ өтуіне атсалысу. Азаматтық алаң құрамына қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, сарапшылар мен белсенді жастар кіріп отыр. Қазіргі таңда азаматтар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың 5 бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленді.

Асхат Өкшебаев, жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

– Осы 5 бағыт бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Әр азаматтың сайлауға толық қатысуын қамтамасыз ету – бірінші мақсатымыз. Екінші мақсат – олардың заңды құқықтарын қамтамсыз ету.

Хабар 24 телеарнасы