389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда туризмнің 5 түрі дамып келеді

  • 568
  • UPD: 15:36, 10.05.2019
Таразда туризмнің 5 түрі дамып келеді

Таразда «Шахристан» тарихи-мәдени туристік орталығының құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ескі базарды сүріп, орнын тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Келешекте мұнда 60 шеберханадан тұратын қолөнершілер қалашығы орналасады. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда. Жалпы, биылғы маусымда Жамбыл өңіріне 400 мыңға жуық турист тарту көзделіп отыр. Қазір облыста тарихи-археологиялық, экологиялық, медициналық-сауықтыру, балалар туризмі дамып келеді. Әсіресе аңшылық пен балық аулауға қызығатындар қатары артып отыр. Бүгінгі күні осы бағытта 50-ге тарта шаруашылық базаға тіркеліп, қызмет көрсетуге дайын. Сонымен қатар жуырда төрткүл тарихи кешенінде «Қазақ ауылы» этножобасы бастау алмақ. Облыс орталығында 12 арнайы туристік бағыт әзірленген. Меймандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 33 туристік нысан мобильді қосымшаға енгізілді. Енді барлық ақпарды QR код арқылы 5 тілде алуға мүмкіндік бар.

Қарлығаш Аралбекова, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- 178 қонақ үй мен 300-ден астам тамақ ішетін орын бар және көлік тасымалдау, ақшаны айырбастау пункттері мен біздің облыста жұмыс істейтін турфирмалардың бүкіл тізімі беріліп, бағалары соның ішіне олардың енгізілетін болады. Сондықтан да бұл біздің туристерге өте ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы