379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда газ құбырын тарту кезінде құнды жәдігерлер табылды

  • 122
Таразда газ құбырын тарту кезінде құнды жәдігерлер табылды

Таразда қараханидтер дәуіріне жататын құнды жәдігерлер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей заттар көне Тараз тарихи-мәдени орталығының маңынан шықты. Оны құрылысшылар газ құбырын тарту кезінде кездейсоқ тауып алған. Қазба жұмыстары барысында қыш құмыралар, ыдыстардың жүздеген бөлшектері, сүйектен жасалған бұйымдар мен қола заттар анықталды. Кейбір құмыраға арабша жазулар жазылған. Құрылыс жұмыстары бірден тоқтатылып, мамандарға хабар берілді. Барлық табылған заттар музейге жинақталып, ғылыми қызметкерлер зерттеп, зерделеп жатыр. Археолог ғалымдар «Табылған тарихи дүниелер орта ғасырлардағы көне Тараз жайында жаңа деректерді ашуға мүмкіндік береді» деп отыр.

Жамал Ақпан, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің ғылыми қызметкері:

– Жәдігерлердің бүтіндей табылуы ерекше болып тұр. 11-12 ғасырларға жатады. Тараз қаласының көркейген, дамыған кезіндегі жәдігерлер болып есептеледі. Және жәдігерлердің жасалу әдісі мен олардың бетіндегі түстеріне, сосын сырланған өрнектеріне назар аударсаңыздар, сол кездегі қолөнер шеберлерінің шеберлігін өте жоғары деңгейде болғанының үлгісі болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы