378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында баламалы энергия өндіретін 6 жоба жүзеге асырылып жатыр

  • 43
  • UPD: 12:32, 17.05.2019
Ақтөбе облысында баламалы энергия өндіретін 6 жоба жүзеге асырылып жатыр

Ақтөбе облысында баламалы энергия көздерін өндіруге бағытталған 6 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Олардың ең ірісі - қуаттылығы 48мВт болатын Қарғалы ауданындағы жел электр станциясы. Аталмыш кәсіпорын жыл соңына таман іске қосылуы тиіс. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында кәсіпорындарды модернизациялау маңыздылығы айтылған болатын. Бұл энергия көздерін тиімді пайдаланумен қатар үнемдеу арқылы экономикаға қомақты үлес қосады. Бұған шағын бизнес өкілдерінің әлдеқашан көздері жеткен. Сондықтан көптеген шаруа қожалықтары баламалы энергияны пайдаға асыруды жолға қойған. Олар, негізінен күн жарығын қолданады. Бірақ жел генераторларын қатар орнатқандары да бар. Орталық желілерден жырақта орналасқан жайлаулар үшін бұл таптырмас шешім болып отыр.

Ертарғын Тілегенов, кәсіпкер:

- Тынық күндері қуатты күн батареялары жинайды. Ал аспан бұлтты болса жел генераторлары жұмыс істеп тұрады.  Сондықтан қуаттың көлемі барлық тұрмыстық техникаға жеткілікті. Шаруашылыққа да көмегі ұшан теңіз. Сондықтан шалғайдағы барлық ауылдарға осындай қуат көздерін орнату керек.

Хабар 24 телеарнасы