378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мұнай өңдеуші кәсіпорындар қоршаған ортаға залалын тигізбеуі тиіс

  • 60
  • UPD: 23:45, 17.05.2019
Еліміздегі мұнай өңдеуші кәсіпорындар қоршаған ортаға залалын тигізбеуі тиіс

Алайда еліміз үшін өңделген мұнай өнімдері де, экологиялық ахуалдың қалыпты болуы да маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін өндіріс орталықтары жаңа технологияларды қолданысқа енгізуі шарт. Осы мақсатта мұнайлы өлке Атырауда ғылыми конференция өтті. Эколог ғалымдар, табиғат қорғаушы органдар мен қоғамдық ұйымдар, Парламент депутаттары қатысқан жиында өңірдің экологиялық проблемалары сарапқа салынды. Мамандар болашақта ашық булану алаңдарының жұмысын тоқтатып, жаңа технологияларға көшуді ұсынды. Ескі жүйені жабық механикалық құрылыстар салумен және жабық дренажды жүйелермен алмастыруға болады. Өйткені Ресей немесе Еуропа елдерінде де мұнай өңдеу зауыттары қала маңына орналасқан. Ғылым мен жаңа технологиялардың арқасында олар экологиялық талаптарды сақтап отыр. Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты да биылдан бастап 2026 жылға дейін жоспарланған «Тазалық» жобасын бастады. 

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Егер де біз жаңа технология пайдалансақ, жаңа ғылыми жетістіктерді пайдалансақ және қолданыстағы барлық заңнамалық актілерді қатаң басшылыққа алатын болсақ, тұрғындардың, қоғамдық ұйымдардың тарапынан бақылау дұрыс іске асқан жағдайда мұндай зауыттарды қаланың маңында да ұстауға болады.

Хабар 24 телеарнасы