378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде

  • 75
  • UPD: 07:29, 18.05.2019
Атыраулық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде

Атырау облысының полиция департаменті де тұрғындарға құқықтық кеңестер беру мақсатында «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акция басталған жарты күннің өзінде құық қорғаушыларға тұрғындар тарапынан 250-ге жуық сауал түскен. Олардың 236-сына сол жерде нақты жауаптар берілді. Көпшіліктің сұрақтарын мамандар департаменттің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар арқылы онлайн түрінде де тікелей қабылдап жатыр. Әкімшілік полиция, Көші-қон полиция басқармалары мен Жергілікті полиция қызметінің өкілдері жұртшылықтың көкейінде жүрген сауалдардың барлығына жедел жауап беруге тырысуда. Арыз-шағым мөлтек аудандар мен қала көшелеріндегі проблемаға қатысты туындаса, полицияның арнайы сараптама тобы барып мәселені бірден шешуде.  

Асылбек Жауынбаев, ОПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

– Көптеген сұрақ тіркеу емтихан саласы, айыппұл мәселесі бойынша келіп жатыр. Ал іште шешілетін сұрақтар бойынша біз жазбаша арызын алып, артынан жауабын береміз. Сауал Армениядан келген машиналарын тіркеу, жоғалтып алған техпаспорттарды мен жүргізу куәліктерін қалай алу, бізге түскен айыппұлдарды төлеу бойынша сауалдар түсуде.

Хабар 24 телеарнасы