389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«100 жаңа есім» жеңімпазы: Мұндай жоба адамдарды шабыттандырып, жетістіктерге жетелейді

  • 707
  • UPD: 10:15, 20.05.2019

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының тағы бір жеңімпазы – әнші, музыкант Әлібек Әлмәдиев.

Ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясын үздік бітірген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған. АҚШ-та академиялық алмасу бағдарламасы бойынша білім алды. Жас музыкант оқу мен шығармашылықты қатар алып жүр. Халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпазы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» сынды жобалар адамдардың шабытына қанат бітіріп, жетістіктерге жетелейді», – дейді. Биыл мамыр айында Әлібек Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестірінің Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласындағы концертіне қатысып, қазақ және әлем классиктерінің шығармаларын орындады.

Әлібек Әлмәдиев, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

– «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында ғана атап өтілу маңызды емес, сонымен бірге нақты бір іске, шығармашылық жобаға ден қою қажет. Шетелде ұлттық мәдениетке өте көп мән беріледі, сұраныс үлкен. Мысалы Құрмағазы атындағы оркестрдің концерті ұлттық ерекшелікті, қазақ әуенінің әсемдігін паш етеді. Мен осы ұжыммен өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Ынтымақтастығымыз жалғасып, Еуропа мен АҚШ-та да концерттер қоямыз деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы