380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы президент сайлауында 12 млн жуық азамат дауыс береді

  • 153
  • UPD: 21:50, 21.05.2019

9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында 11 миллион 947 мыңнан астам азамат дауыс береді. 

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі осындай. Өңірлерде сайлаушылардың тізімдері түзіліп, комиссияларға тапсырылған. Жалпы, кез келген сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлау бөлімшесіне барып, тізіммен таныса алады. Дауыс беруге арналған бюллетень мәтіні бекітіліп, парақшаларды басып шығаратын баспа орталығы анықталған. Дауыс беру бюллетеньдері бөлімшелерге сайлауға бір күн қалғанға дейін кешіктірілмей жеткізілуі тиіс. Саяси науқан үшін 12 миллионнан астам дауыс беру парақшасы дайындалмақ. Комиссия мүшелері сайлау үдерісін бақылайтын халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің өкілдерін аккредиттеу жөнінде ұсыныстар жасалғанын хабарлады. 

Зәуреш Баймолдина, орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-  35 байқаушы Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан байқаушылар миссиясының құрамында, 1 байқаушы  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясы құрамында, 7 байқаушы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі миссиясы құрамында.  Сонымен қатар, Армения, Болгария, Грузия, Малайзия, Молдова, Латвия, Ресей Федерациясы және Түркияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын шет мемлекеттерден 16 байқаушы ұсынылып отыр. Сонымен, 59 байқаушын аккредиттеуге ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы