389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі қалалық ҚХА сессиясы өтті

  • 283
  • UPD: 10:15, 23.05.2019

Қоғамдық келісім формуласы: бірлік пен жаңғыруға. Шымкентте осы тақырыпта қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының І-сессиясы өтті.

Түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан жиында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қатысуымен өткен ассамблеясының 27-сессиясында айтылған ой-пікірлер тағы бір сараланып, оны іске асырудың жолдары нақтыланды. Елдегі бейбітшілік пен татулықты орнықтырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен бірлігімізді нығайту бағытындағы маңызды мәселелер де осы шарада тілге тиек етілді. Бірінші сессияның қатысушылары қала тұрғындарына арналған үндеу қабылдады. Бұл үндеу елдің басты және құнды байлығы - халықты бірлікті нығайтуға шақырады. Ал шаһар халқында бейбітшілік пен достық өзара түсіністігі одан әрі артса біз алмайтын қамал жоқ дейді жиынға қатысушылар.

Арзу Гурбанова, қалалық әзербайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Шымкент қаласында тұрып жатқан барша ұлт өкілдерін қазақ халқының жанында топтасып, қазақтың тілінде сөйлеп, қазақ салт-дәстүрін мәдениетін дәріптеп тарихын құрметтеп және елімізде қалыптасқан достық пен ынтымақтастықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізсек деймін.

Хабар 24 телеарнасы