383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

  • 175
  • UPD: 21:25, 25.05.2019
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Сағадат Нұрмағамбетовке арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлының дүниеге келгеніне бүгін 95 жыл. Ол Елбасының жетекшілік етуімен, Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштерінің іргетасын қалады. Қиын кезеңдерде армияны басқарып, қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазақстан Қарулы күштері тарихында бірінші болып, «армия генералы» жоғарғы әскери шенін алды. Батырға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына Қорғаныс министрі, генерал-мойор Нұрлан Ермекбаев қатысты. Сондай-ақ батырдың көзін көрген ардагерлер, әскери оқу орнының курсанттары мен тума-туыстары келді.

Әлімжан Ернизов, отставкадағы генерал-майор:

– Барлық бөлімдерде осындай шара өтіп жатыр. Өйткені ол бізге әке, мына сапта тұрған сарбаз курсанттарға ата, еліміздің тұлғасының 95 жылдығына байланысты. Құрлық әскери институтында мүсіні ашылып, конференция өтіп, атамызды еске алып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы