379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да ауылға баратын дәрігерлерге материалдық қолдау көрсетілмек

  • 144
  • UPD: 14:39, 28.05.2019
БҚО-да ауылға баратын дәрігерлерге материалдық қолдау көрсетілмек

Батыс Қазақстан облысында ауылдық жерге барып еңбек етемін деген дәрігерлер мен фармацевттерге 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы тиісті жоба кеше облыс мәслихатының сессиясында қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Күні бүгін өңірде 218 дәрігер жетіспейді. Оның 104-і ауылдық елді мекендерге қажет. Әсіресе аудандық ауруханаларда акушер-гинекологтар, хирургтер, анестезиологтар, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер тапшы. Ақ желеңді абзал жандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспана беріліп, көтермеақы төленгенімен, жас мамандардың тұрақтап қалуы үшін қосымша шаралар қажет деп санайды сала басшылары. 

Айзада Шүкірғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Болашақта ауылдық жерге барып жұмыс істейтін жас мамандарға миллион теңге көлемінде көтермелеу көрсетіледі. Осы қағида бекітілген соң, келесі мәслихат отырысында қажетті қаражат сұраймыз. Бүгінгі таңда осы қағиданы бекітіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы