384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда көп балалы 86 отбасы баспаналы болды

  • 98
  • UPD: 23:44, 30.05.2019

Олардың барлығы да ұзақ жыл үй кезегінде тұрғандар. Қоныстой иелеріне келешекте қаланың әкімшілік орталығы болатын жаңа мөлтекауданнан пәтер бұйырды.

Бұл жерде күзде 1200 балаға арналған жаңа мектеп ашылады. Қазір бірнеше әлеуметтік нысан қатар салынып жатыр. Қазір қала бойынша 1500 жанұя атаулы әлеуметтік көмек алады. Бала-бақшаға да жеңілдік бар. Сосын балалары спорт секциялары мен жазғы лагерлерге тегін барады.                               

Әния Оразбекова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Бұл үйді мен күткелі 7 жылдан асты. Мен 2012 жылдан бастап очередке тұрдым. Қиыншылық көрдік әрине. Қиыншылықсыз үй алынбайды. Далада қалған күндер де болды үйсіз. Аман-есен енді үйге жетіп жатырмыз. Соған қуаныштымын. Бәріне рахмет. Әлі көрген де жоқпыз, кілтін жаңа ғана алдық.

Хабар 24 телеарнасы