379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алатау бөктерінде балалар мерекесі тойланды

  • 149
  • UPD: 23:53, 01.06.2019
Алатау бөктерінде балалар мерекесі тойланды

Алматыда балалар мерекесі мектеп оркестрлері мен би ұжымдарының шеруімен ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астана алаңына қаланың оқу орындарынан 6 мыңға жуық оқушы жиналды. Шара аясында түрлі костюмдер көрсетілімі, флешмоб және эстрада әншілерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Мереке оқушылардың шеруімен қорытындыланды. Жалпы, бұл күні бүлдіршіндерге арналған концерттер мен жәрмеңкелер мегаполистің барлық аландарында өтті.

Нұргүл Тау, қалалық  білім басқармасының бөлім басшысы:

- Балалар өзінің қандай бақытты екенін, болашаққа деген қандай ынтасының бар екенін, болашаққа деген көзқарасын көрсетіп жатыр. Бүгін бақытты балалық шақты көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы