382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік еріктілер ағаш кескендермен күреске шықты

  • 113
  • UPD: 15:11, 03.06.2019
Ақтөбелік еріктілер ағаш кескендермен күреске шықты

Ақтөбеліктер тал-теректердің жаппай кесілуіне қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір топ еріктілер өзім білемге салған топты тоқтатты. Құрылыс пен жаңа үлгідегі абаттандыруды желеу еткен бірқатар мердігер шаһардағы ағаштарды аяусыз қырқуға кіріскен болатын. Бұған бейжай қарай алмаған тұрғындар еріктілер тобын құрып, «әрбір тал-теректі қорғауға аламыз», – дейді. Дегенмен құрылысшылар Арынов көшесіндегі жолды кеңейту үшін жаз соңына дейін тағы да 157 ағашты жұлып тастауды көздейді. Алайда олардың айтуына қарағанда, кесілген әрбір талдың орнына 3 жаңа көшет отырғызуды ойлайды. Мұның өзін «Ақтөбе, терең дем ал» бірлестігі белсенділері аздық етеді дейді. 

Евгений Лазарчук, еріктілер бірлестігінің ұйымдастырушысы:

- Ақтөбе қаласындағы ағаштардың жайы қазір мәз емес. Ескілері мезгілсіз кезде кесілгеннен қырылуда. Ал жаңадан отырылған көшеттер дер кезінде қаралмағандықтан бой көтере алмайды. Көшеттерді отырғызып, суретке түскен соң ұмтылып кетеді. Ең кем дегенде 2 жылға дейін суарып, жағдай жасамаса, қаражат далаға кетеді деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы