389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада мыңға жуық адам мемлекеттік әнұранды бір уақытта орындады

  • 277
  • UPD: 11:55, 04.06.2019
Елордада мыңға жуық адам мемлекеттік әнұранды бір уақытта орындады

Елорда аспанында әнұран асқақтап, ұлттық рух еселенген күн.

Бүгін 1 мыңға тарта мемлекеттік қызметкер мен нұрсұлтандықтар қалалық әкімдік алдына жиналып, гимнды орындады. Бейбіт күн, ашық аспан аясындағы әсерлі сәт көпті ерекше күйге бөлегені хақ. Жалпы Рәміздер күнінде Нұр-Сұлтан қаласында 40-қа жуық шара ұйымдастырылады. Сәкен Сейфуллин музейі мен Тәуелсіздік сарайында көрерменге көрме әзірленген. Ал барлық кітапханаларда әдеби кеш өтеді.

Ерлан Қаналимов, қала әкімінің орынбасары:

- Рәміздеріміз жалпы әр адамның жүрегінде болуы керек. Қазақ айтады Отаны бірдің жүрегі бір дейді. Ұлтымызға қарамай, жасымызға қарамай, қоғамды біріктіретін, татулығын, тыныштығын сақтайтын біздің мемлекеттік рәміздер. Өйткені қазақстандықтың жүрегінде Әнұраны болса, Елтаңбасы мен туы болса, ол ешқандай теріс қимылдарға бармайды, тәртіп бұзушылыққа бармайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы