384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында сайлауға дайындық пысықталып жатыр

  • 402
  • UPD: 11:13, 07.06.2019
Жамбыл облысында сайлауға дайындық пысықталып жатыр

Жамбыл облысында саяси науқан жақындаған сайын дайындық шаралары жіті пысықталып жатыр.

Өңірде 718 мыңға жуық адам сайлауға қатысады деп күтілуде. 484 сайлау учаскесі ашылады.  Аймақта екі халықаралық байқаушы 1 айдан астам уақыттан бері жұмыс істеп жатыр. 8 маусымда Ресей, Қырғыз, Түркия мемлекеттерінен тағы 14 байқаушы келеді деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, 207 жамбылдық әр түрлі жағдайға байланысты сыртта дауыс береді. Оларға есептен шығару куәліктері берілген.

Сара Мәдиева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Сайлау учаскелеріне келе алмайтын үлкен қариялар бар. Науқас адамдар бар. Міне сол адамдарға міндетті түрде сайлауға дейін не болмаса сайлау күні сағат 12-ге дейін арыз-өтініш беруіміз керек. Жекелеген азаматтар өтініш беру керек. Осы өтінішті толтыру мәселесі бойынша, болмаған жағдайда азаматтар бүгін-ертеңгі күндері жұмыс бабымен іс сапарға кететін болса сол іс-сапарға кететіні жөнінде есептен шығару куәліктерін өзінің сайлау учаскесіне келіп алып кету керек.

Хабар 24 телеарнасы