389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында 366 сайлау учаскесі ашылды

  • 372
  • UPD: 10:15, 09.06.2019
Қызылорда облысында 366 сайлау учаскесі ашылды

Ақтөбеде 568 мың 776 азамат сайлаушы ретінде тіркелді.

Соңғы төрт ай ішінде 5 мыңға жуық адам қосылыпты. Бұл – облыстық сайлау комиссиясының соңғы дерегі. Халық санының артуына байланысты жаңадан учаскелер де ашылған. Облыста 529-ы болса, оның 18-і биыл ғана құрылған. 150 сайлау учаскесі облыс орталығында. Саяси партия өкілдері мен басқа да бірлестіктер сайлау учаскелерінің кез келгеніне байқаушы ретінде бара алады. 

Қызылорда облысы бойынша барлығы 366 сайлау учаскесі ашылды. Оның 113-і облыс орталығында орналасқан.

Айта кетейік, 490 мың 898 сырбойылық сайлауға қатысуға құқылы. Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы кабиналар қойылған. Сондай-ақ зағип жандар үшін де арнайы ақпараттық тақталар ілінді.

Хабар 24 телеарнасы