389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да сайлау ән-жырмен басталды

  • 473
  • UPD: 12:59, 09.06.2019

Бүгінгі саяси науқанға Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық ауыл-аймақтар белсенді қатысып жатыр.

Ауылдағы сайлау асқан ұйымшылдықпен, береке-бірлікпен өтуде. Якорь елді мекенде қазіргі таңда екі мыңнан астам тұрғын бар. Оның 1445-і бүгінгі күні өз таңдауларын жасайды. 56 адам алғаш рет саяси науқанға қатысады. Ал 14-і үйлерінде дауыс береді. Жалпы айта кету қажет, таң атысымен ауыл тұрғандары дауыс беру учаскелеріне ағылып жатыр. Белсенділік байқалады, әрине. Олардың қатарында зейнет жасындағы азаматтар мен жастар да бар. Солардың бірі – ауыл ақсақалы Тобыл Әділшинов. Сексеннің сеңгіріне шыққан қария: «Іргеде сайлау өтіп жатқанда, үйде көсіліп жата алмадым», – дейді. Сондықтан жолдасы екеуі бөлімшеге келіп азаматтық парызын орындады. 

Жалпы, учаскелерге келушілерге бар жағдай жасалған. Мұнда мерекелік көңіл-күй сезіледі. Жергілікті көркем өнерпаздар концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Тіпті қазан қойылып, ас та дайындалып жатыр. Мұнымен қоса ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Сөз соңында айта кетейін, өңірде 663 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Оның 93-і Петропавл қаласында болса, қалғандары аудан мен ауылды жерлер.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы