383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самал Есләмова туған жерінде дауыс берді

  • 47
  • UPD: 18:49, 09.06.2019

Петропавлда Канн кинофестивалінің үздік актрисасы Самал Есләмова дауыс берді.

«Айка» фильмінің басты кейіпкері түсірілімдерден қолы босап, туған жеріне демалуға келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері елмен бірге сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Бүгінгі жексенбі қазақстандықтар үшін жай ғана демалыс күні емес. Ел болашағына бей – жай қарамаған азаматтар таңертеңнен сайлай учаскілеріне ағылып жатыр.

Канн кинофестивалінің үздік актрисасы Самал Есләмова еліміздің саяси өміріне де белсене араласады. Әдетте Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде дауыс беретін ол осы жолы азаматтық борышын туған жерінде орындады.  

Самал Есләмова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Қай мемлекетте болсам да, дауысымды беремін. Себебі ол менің азаматтық позициям. Қай жақта жүрсең де, елдің орны бөлек.

595-сайлау учаскесіне 1 мың 416 адам тіркелген. Оның 56-сы алғаш рет дауыс береді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар өз таңдауын үйде жасайды. Олар үшін жылжымалы жәшіктер ұйымдастырылған. 

Қанат Сәдуақас, № 595 сайлау учаскесінің төрағасы:

– Жалпы сайлаушылардың қарқыны жақсы. 12 байқаушы бар. Оның төртеуі – шетелдік байқаушылар.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында 663 сайлау учаскесі ашылды. Саяси науқанды 50 шақты халықаралық байқаушы қадағалайды. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы