379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық зейнеткерлер сайлауда белсенділік танытты

  • 100
  • UPD: 20:54, 09.06.2019

Елордалық зейнеткерлер саяси белсенділік танытып, президент сайлауына қатысып жатыр.

№60 мектепте орналасқан 140-сайлау бөлімшесіне келіп, дауыс бергендердің дені – қариялар. Жалпы мұнда 3 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Ұрпағының келешегіне алаңдайтын азаматтардың айтуынша, биылғы сайлаудың жөні бөлек. Ел ертеңі үшін маңызды таңдау жасауға жауапкершілікпен қарау ләзім.

Үмітай Мұхтарова, қала тұрғыны:

– Болашағымыз таңдаған адамға байланысты болады. Елімізде бейбітшілшік, тыныштық болғанын қалаймын.

Ғұмар Хисматулин, қала тұрғыны:

– Немеремді ертіп, дауыс беруге келдім. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Елдің тағдырына немқұрайлы қарамайтын басшыны сайлауды қалаймын.

Хабар 24 телеарнасы