384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мықты ел болу үшін билік пен халық арасы алшақтамауы керек – О.Шәріпбай

  • 65
  • UPD: 14:02, 13.06.2019

Бәсекеге қабілетті ел болу үшін билік пен қоғамның бір-біріне сенімі күшті болуы керек.

Семейлік қоғам қайраткері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының солтүстік-шығыс өңірлер бойынша вице-президенті Орал Шәріпбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде жасаған мәлімдемесінен зор үміт күтетінін жеткізді. Оның ойынша, Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесін құру кез-келген түйткілдің түйінін тарқатып, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтап қалу баршамыздың міндетіміз дейді өмірден көрген-түйгені көп қайраткер.

Орал Шәріпбай, Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті:

- Қоғамдық ұлттық кеңес құру идеясы бізге өте ұнап тұр. Билік пен қоғам бірге болса ғана біз ел боламыз. Мықты мемлекет болу үшін қоғам мен биліктің арасы алшақтамау керек. Бір-біріне деген сенім ұялату керек. Қоғам билікке сену керек, билік қоғамға сену керек. Екеуінің арасындағы неше түрлі алшақтық орын алса, онда нәтиже болмайды. Енді нәтижесі келетін уақыт келген сияқты. Сондықтан біз осы Елбасының стратегиялық саясатын жалғастыра отырып, біздің бүгінгі Қасымжомарт Кемелұлы нақты-нақты істерді келешекке, болашаққа бағыттап берді.

Хабар 24 телеарнасы