388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде балалардың терезеден құлауы азаймай тұр

  • 415
  • UPD: 15:44, 14.06.2019

Күні кеше Петропавлда ата-ананың қарауынсыз қалған 2 жасар бала 5-қабаттан құлап кеткен.

Дәрігерлер баланы құтқарып қала алмады. Елімізде жыл басынан бері 30-ға жуық бала жоғарғы қабаттан құлапты. Оның бесеуі ажал құшқан. Ойын баласы нені түсінер дейсіз? Бұл алдымен ата-ананың салғырттығы. Жалпы балаларды осы жазатайым жағдайдан қалай қорғауға болады?

2 жасар бүлдіршін осы үйдің терезесінен құлаған. Жедел жәрдем қызметі тез жетіп, ауруханаға апарғанымен, баланы құтқару мүмкін болмады. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі бұған дейін бір баланы құтқарып қалған еді.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Биылғы жылы бір оқиға орын алған болатын. Көшеде өтіп бара жатқан тұрғын, бесінші қабаттан бір баланың терезенің алдында тұрғанын көріп қалып бізге дер кезінде хабарлаған. Біздің өрт сөндірушілер оқиға орнына шығып баланың жаңағы автолесница дейміз, автосатыны қою арқылы құтқарып қалған болатын.

Алайда терезе алдында отырған балалардың бәрін көшедегілер әркез байқай бермейді. Сондықтан жоғарғы қабатта тұратындар өздері қам жасағаны жөн дейді құтқарушылар.

Мырыш, болат пен полиэстер материалдарынан жасалған тор 100 -150 келіге дейінгі салмақты көтереді. Қолмен жырту да мүмкін емес. Тек өткір пышақпен қана кесуге болады. Терезенің алдына шыққан бала бар салмағымен сүйенсе де тор ұстап қалады. Бір жыл бұрын ашылған кәсіпорын терезеге арналған осы құрылғыны жасап жатыр. Бағасы қарапайым тордан 3 есеге қымбат болғанымен, бала үшін алаңдамауға болады. 

Ерлан Әлиақбаров, кәсіпорын директоры:

- Бұл балаларды құлаудан қорғайтын инновациялық құрылғы. Негізгі қаңқасы мырышталған болаттан жасалған. Тордың өзі полиэстер жібінен тоқылған. Тор қаңқаға бекітіледі. Жаңа көрдіңіздер, бұл құрылғы ересек адамды көтеріп тұр. Тор оңайлықпен жыртылмайды.

Цехта жасалатын тағы бір құрылғы терезеге орнатылатын арнайы кілт. Қорғаныш құралының бұл түрі инновациялық тордан арзан.

Әсет Сапаров, цех жұмысшысы:

- Балаларға арналған защита для детей дейді. Металл тросы бар. Корпусы да металдан. Міне, ашылғанда қатты соңына дейін ашылмайды. Упоры бар осындай. Кілті алынады, кілтін тығып қоюға болады.

Елордадағы №2 балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің бір ғана өзіне өткен жылы терезеден құлаған 11 бала жеткізілсе, биылғы жылдың 5 айында 17 бала түскен. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың құлауы жаз мезгілінде жиілеп кетеді.

 Жарылғасын Бектасов, №2 балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі:

- Жылдан жылға көрсеткіш биік деп айтуға болады. Өте ауыр жарақат алады балалар. Және де айтуға болады. Бар шығар, төтенше жағдайлар қызметкерлері біледі. Мысалы, бала 18-20 қабаттан құласа, ол бала ауруханаға жетпейді де.

Өткен жылы елімізде 30-дан астам бала терезеден құлап, оның басым бөлігі мерт болған. Жыл басынан бері 26 бүлдіршін құлаған. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаттың бұл түрі жол-көлік оқиғаларынан кейін екінші орында тұр. 

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Асхат Қарақойшиев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы