389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызмет хабындағы конференцияда инновациялық мәселелер талқыланды

  • 274
  • UPD: 15:52, 13.06.2019
Мемлекеттік қызмет хабындағы конференцияда инновациялық мәселелер талқыланды

Мемлекеттік қызметті қалай тиімді реформалауға болады және ол үшін қандай инновациялық тәсілдерді қолданған жөн?

Осы және басқа да мәселелер «Мемлекеттік сектордағы құндылықтар, сенім және технологиялар» тақырыбында өткен мемлекеттік қызмет хабының конференциясында талқыланды. Жиынға әлемнің 30-дан астам елінен жетекші мамандар, ғалымдар, мен мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар екі бойы мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты озық тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасады.

Әлихан Бәйменов, мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитетінің төрағасы:

- Бүкіл мемлекеттік аппарат халықтың қаржысына ұсталады. Халық оларға жұмыс беріп отыр. Ендеше бүкіл аппараттың жұмысы халықтың сеніміне ие болу үшін бағытталуы керек. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің бойында тиісті құндылықтар болуға тиіс. Міне талқыланып жатқан мәселелер осы. Қалай мкемлекеттік қызмет халықтың сенімін ақтай алады?

Кездесуде мемлекеттік қызметтегі гендерлік теңдік мәселелері де көтерілді. Қазақстандағы «Бірікккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер» құрлымының өкілі Илейн Конкиевичтің айтуынша, біздің елімізде жоғарғы басшылық лауазымдарда әйелдер әлі де болса аз. Мәселен, Қазақстан  гендерлік теңсіздік бойынша әйелдердің саяси өмірге қатысты жасалған рейтингте 149 елдің ішінде 94-орында.

Илейн Конкиевич, Қазақстандағы «БҰҰ Әйелдер» құрылымының өкілі:

- Қазақстанда парламентте әйел депутаттар бар.  Сондықтан әлі де белсенділік қажет деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы