379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да өртенген автобустан оқушыларды аман алып шыққан полицейлер марапатталды

  • 114
  • UPD: 23:46, 14.06.2019

Солтүстік Қазақстан облысында отқа оранған шағын автобустан оқушыларды аман алып шыққан тәртіп сақшылары марапатталды.

Бейбіт күннің батырлары жайлы  әріптесім Мерей Мұратханқызы тарқатады.

Қызметіне адал тәртіп сақшылары бейбіт күнде ерлік көрсетіп, көптің алғысына бөленуде. Бір ғана мысал, мамыр айында Петропавлдан Тайынша қаласына беттеген шағын автобус отқа оранған. Қырағы полицей осы көліктен 11 оқушыны аман-есен алып шықты. Бүгін сол тәртіп сақшылары Батырхан Молдажанов пен Жігер Балтабайдың ерлігі еленіп, мақтау қағазына ие болды. 

Жігер Балтабай, облыстық ПД аға лейтенанты:

- Қолымыздан келгенше өртті сөндіруге іс-шара қабылдадық. Бірақ жел қатты болғандықтан, өртті сөндіре алмағандықтан басқа жолда келе жатқан жолаушыларға қатері келмесін деп «Газельді» жолдың жиегіне итеріп тастауға мәжбүр болдық.

Қарағандылық тәртіп сақшысы да қырағылық танытты. Дастан Азаңбаев жол-жөнекей, су жағасында көмек сұраған дауысты естиді.

Көп ойланбастан тастай суға секіріп, денесі тартылып қалған балықшыны құтқарады

Дастан Азанбаев, Қарағанды қаласы жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Қорқыныш болған жоқ менде. Басты міндетім адамды құтқару ғана болды. Өзім ұстап алып шықтым. Өзімді бір-екі рет батырды мені. Иығынан қысып алды.Қолдары арт жақта болды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қадағалау, қылмыстың алдын алу. Полиция қызметкерлерінің міндеті оңай емес. Ең бастысы, қиын шақта қасыңнан табылатын осындай тәртіп сақшылары бар.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы