389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда суға қарызы бар тұрғындар тіршілік нәрінен ажыратылады

  • 224
  • UPD: 00:01, 15.06.2019
Қостанайда суға қарызы бар тұрғындар тіршілік нәрінен ажыратылады

Қостанайдың коммуналдық қызметі тұрғындардың кәріз жүйелерін арнайы қондырғымен бітеп жатыр.

Суық су үшін қарызы қордаланғандарға осындай шара қолданылуда. Қазір қала тұрғындарының берешегі 63 млн теңгеден асып кеткен. Былтыр қарызын өтемеген 80 борышкер осы әдіс арқылы орталық судан ажыратылған. 

Салтанат Әйтенова, «Қостанай-Су» МҚК бапасөз хатшысы:

- Әрине борышкерден суды бірден жарытпаймыз. Оған бірнеше ескерту жасаймыз. Құлақ аспағандарға осындай шара қолдануға мәжбүр боламыз. Құрылғының қалыпты жұмысын монитор арқылы анық көруге болады. Мамандарымыз еш кедергісіз тұтынушының кәріз жүйесін бітейді.

Хабар 24 телеарнасы