389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері ержүрек полицейлер талай адамның өмірін арашалады

  • 256
  • UPD: 14:36, 16.06.2019

Жуырда еліміздің полиция қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Жыл басынан бері ержүрек сардарлар талай жанның өміріне араша түсті. Басын қатерге тігіп, қауіпті аймақта қалтқысыз қызмет еткендер марапатқа лайық. 

Адам өміріне араша болып жүрген тәртіп сақшылары аз емес. Жол-патрульдік полицияның қос қызметкері Абзал Молдашев пен Роман Байдильдин де 65 жастағы азаматты құтқарды. Оқиға түнгі онда автобус аялдамасында болған. Халықаралық әуежай маңында қызмет бабымен жүрген олар жүрек талмасы ұстап, жерге ес-түссіз күйде құлаған қарияны байқайды. Бірден жедел-жәрдем шақырады. Қазір Серікпай Боқышевтың жағдайы жақсы

Абзал Молдашев, лейтенант:

- Ол кісіні бірінші рет көргенде остановкада бір жағымен жатып, аузынан ақ көбік ағып жатты. Бірінші көмек көрсеттік. Сол санчастьта скорыймен алып кетті. Мұндай жағдай болып тұрады. Ерлік деп есептемеймін. Парызымыз ғой, жұмысымыз. Адамдарға, қарттарға көмектесу.

Серікпай Боқышев, қала тұрғыны:

- Батальоннан тауып алып, бастығына барып айттым. Семьямнан алғыс айтуға. Рахмет екеуіне.

Елордада 5 қабатты жатақхана өртке оранған күн есімізде. Құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен жергілікті полиция және ұлттық ұлан сарбаздары бірден көмекке ұмтылды. Өз қауіпсіздігін ойламастан, бастарын қатерге тігіп. Нәтижесін білесіздер. Лаулаған нысаннан 32 адам құтқарылды. Ал сұрапыл өртпен алысып, ерлік көрсеткен полиция инспекторы Ақбар Жүрікбаев пен аға лейтенант Бекжан Сыбанов ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталады. 

Ақбар Жүрікбаев, полиция инспекторы:

- Қорқыныш әрине болды. Бірақ адамдар өрттің арасында қалғаннан кейін ішке кіріп, адамдарды алып шығуға әрекет жасадық. Ана жерде бүкіл адамдар шыңғырып, айқайлап жатты. Ол моментте ойламайсың, ешнәрсені. Ішке кіріп кеттік бәріміз. 

Ел ішінде ерлікке баратындар аз емес. Олар жайлы айтылып жүр. Намыстан жаралғандар жайында ара тұра жазылып та қалады. Біздің түсінікте ол антына адал қарағандарға берілген баға, көрсетілген құрмет. Еңбектің еленгені де жақсы ғой.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы