383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге кореялық компанияның мамандандырылған техникасы жеткізіледі

  • 139
  • UPD: 01:53, 18.06.2019

Мамандырылған техника шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорынның өнімдері енді Қазақстанға да жеткізілмек.

«Дусан» оңтүстік кореялық компаниясы елімізге өз техникасын тасымалдайтын ресми дистрибьюторын жариялады. 

«Дусан» бұл әлемде көш бастап келе жатқан құрылыс техниканың бірі. Алып корпорация өз өнімін ондаған мемлекетке 80 жыл бойы жөнелтіп отыр. Кәсіпорын жыл сайын алуан түрлі қондырғының 50 мыңнан астам түрін шығарады. Олардың ішінде дөңгелекті әрі шынжыр табанды экскаваторлар, тиегіш машиналар мен кен орындарында жұмыс істеуге арналған көліктер бар.

Джон Сан Анн, «Doosan» компаниясының атқарушы вице-президенті:

- Клиенттердің көңілдерінен шығу үшін біз барынша жағдай жасаймыз. Жоғары сапалы өнім ұсынып қана қоймай, сатып алынған техникаға қызмет көрсетіп, кез келген сұрақтарға жедел жауап беруге дайынбыз. Енді жаңа әріптесіміз арамыздағы ынтымақтастық мықтай түседі деген сенімдемін.

Енді оңтүстіккореялық техника қазақстандық тұтынушылар үшін қолжетімді болмақ. Осы көктемде алып шетелдік корпорацияның еліміздегі ресми дистрибьютері болып «Туркуаз Машинери» компаниясы таңдалды.

Зеки Пилге, «Turkuaz Group of Companies» директорлар кеңесінің мүшесі, құрметті президенті:

- Біздің компания үш бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде жалпы саны 5 мың адам еңбек етеді. Жаңа әріптесімізбен бірге біз құрылыс, тау-кен қазу, ауыл шаруашылығы және мұнай-газ сектоларына арналған сенімді техника жеткізіп  отырамыз.

Туркуаз Машинеридің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне мамандандырылған техника тасмалдап жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақыттың ішінде бұл компания сенімді әріптес ретінде таныта білді. Бүгінде олардың «Дусан» құрылыс және жер қазатын техниканы сатып, оларға қызмет көрсету үшін қауқары зор. 

Авторлары: Ж.Біркенов, Е.Досжанов

Хабар 24 телеарнасы