387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жазасын өтеушілер үшін интернет-дүкендер ашылып жатыр

  • 354
  • UPD: 20:50, 21.06.2019
Елімізде жазасын өтеушілер үшін интернет-дүкендер ашылып жатыр

Сотталғандар үшін интернет-дүкендер ашылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола және Алматы облыстарының колонияларында жазасын өтеп жүргендер электронды сауда орталықтарынан азық-түлік, киім-кешек, кітап, газет секілді заңмен рұқсат етілген заттарды сатып ала алады. Ал төлемдерді банк карточкалары арқылы жасайды. Сондай-ақ бұл қызметті абақтыға қамалғандардың туған-туыстары да пайдалану мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге қазір интернет-кездесу тәжірибесін де енгізу жоспарда бар. Осылайша темір торға тоғытылғандар жақындарымен бейнебайланыс арқылы тілдеседі.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

– Бұл – жаңа әлемдік тәжірибе. Сотталған адамның қоғаммен байланысы үзілмеуі үшін отбасындағы айтулы оқиғалардан тыс қалмауы үшін әрі балаларының тәрбиесіне қатысуы үшін осындай жобаны қолға алдық. Мұндай бейнебайланыс қамаудағы азаматтардың тәртібін түзеуге сеп болады деп сенеміз.

Ғаламтор мен мобильді мессенджерлер арқылы есірткі таратқандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Бүгін халық алдында есеп берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай ұсыныс жасады. Жыл сайын елімізде нашаға қатысты 2 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, бірнеше тонна улы зат анықталады. Құзыретті орган наркосайттардың электронды мекенжайы көрсетілген граффити-жазбалар үшін де жауапкершілікті арттыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы