384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франциядағы қазақстандықтар Арыс халқына ақша жинай бастады

  • 317
  • UPD: 09:09, 26.06.2019

Францияда тұратын қазақстандықтар Арыс тұрғындарына ақша жинай бастады.

Бұл бастаманы қазақстандықтар қауымдастығының президенті Берлин Иришев көтерген. Қауымдастыққа 200-дей жерлесіміз кіреді. Олардың қатарында ірі компаниялардың басшылары да бар. Үндеу жарияланғанан кейін бірнеше сағат өтісімен пошта арқылы чектер түсе бастады. Берлин Иришев осы бастаманы Францияның оңтүстігінде тұратын ауқатты қазақстандықтар және өзге елдердегі қазақ диаспоралар қолдайтынына үмітті. Айта кетерлік жайт, ақшаны қауымдастық есепшотына аудару міндет емес, оны тікелей Қазақстанға жіберуге болады. Сондай-ақ Берлин Иришев жергілікті кәсіпкерлерден де көмек сұрауға ниетті. 

Берлин Иришев, Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті:

– Осындай апат болған кезде, қол қусырып отыра алмаймыз. Франция мен өзге елдерде тұратын қазақстандықтар осы бастаманы қолдайды деп ойлаймын. Шетелде тұрсақ та, біз отанымызбен байланысты үзген жоқпыз. Қайда жүрсек те, қазақ болып қаламыз.

Хабар 24 телеарнасы