389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үйлеріне оралған Арыс тұрғындары елге алғысын айтты

  • 263
  • UPD: 12:32, 28.06.2019

Ауылға жол. Таң бозынан оянған Арыс халқы  қала қақпасы ашылған  сәтте өз үйлеріне бет алды.

Қауіп бұлты сейілгеннен кейін облыс басшылығы тұрғындардың кері оралуына мұрсат берген. Қазір Арыс маңынан тілшіміз Руслан Бақытбекұлымен телефон арқылы тілдесудің сәті түсті. Үйіне асыққан тұрғындардың алды жетіп үлгерді ме? 

2-сұрақ. Жалпы қала жұртты қабылдауға дайын ба? Мамандар не дейді? 

3-сұрақ. Су болмады, жарық сөнді, соның бәрі қосылды ма?

Райхан Егембердиева, арыс қаласының тұрғыны:

- Үйге келіп жатырмыз, рақмет, рақмет! Өз Отанымызға барамыз! Отанымызға жәрдем беріп жатса, көреміз. Алла тағаланың тірі қалдырғанына шүкір, тәуба! Көп-көп рақмет, халқыма, еліме.

Фозил Абдураимов, жылжымалы медициналық жиынтығының меңгерушісі:

- Үйге кірген бойда адамдар бірінші кезекте терезелерін бәрін ашып, үйді тазалау керек. Қазір неше күннен бері свет жоқ, соның есебінен қарайтын болсақ, ішінде неше түрлі микроб бар. Соның бәрі ағзаға зақым келтіруі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы